Жамбылдық еріктілер: Волонтерлық жасқа қарамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық еріктілер: Волонтерлық жасқа қарамайды

19.06.2023

«Волонтерлық жасқа қарамайды». Осылай деген Жамбыл өңірінің жастары Астанада өтетін форумда еріктілердің жасына шектеу қоймау мәселесін көтермек.

Маусымның 20, 21-і күндері белсенді волонтерлар Астанадағы халықаралық форумға қатысады. Әлемнің 30-дан аса елінен өкілдер келетін шараға аймақ атынан 4 ерікті бара жатыр. Олар бұл шараға қатысу үшін 70-тен аса адам бақ сынаған арнайы конкурстан өткен. Бүгінде облыстағы еріктілер саны 12 мыңнан асады. Олар әлеуметтік аз қамтылған топтарға көмектесіп, оқыс оқиғалар кезінде қызу жұмыстың ортасынан табылып келеді.

Бауыржан Жұмат, «Жамбыл облысы еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының президенті:  

Осы форумда негізгі қозғайтын мәселелеріміз бүгінде басқа мемлекеттерде волонтерлықпен егде жастағылар, зейнеткерлер, балалар да айналыса береді. Бірақ біздің Қазақстанда «жастар ғана айналысу керек» деген  ұғым бар. Сол ұғымды жойып, әлемнің 34 мемлекетінен келетін еріктілермен пікір алмасып, соны Қазақстанға енгізу. 


Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу