Түркиялықтар «Қазақ елі» сериалын көргісі келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиялықтар «Қазақ елі» сериалын көргісі келеді

10.11.2015
Түркиялықтар «Қазақ елі»  сериалын  көргісі келеді
Түркиялықтар «Қазақ елі»  сериалын  көргісі келеді

Жақында ғана жарық көрген «Қазақ хандығы» туралы сериалдың промо ролигі түркиялықтарды да қызықтыра бастады. TRT AVAZ каналының Facebook-тегі парақшасына пікір қалдырған түріктер сериалды түрік тілінде де көргісі келетіндіктерін жазған. Ал, бірқатар түрік ақпарат құралдары Қазақ хандығы туралы сериалдың бюджеті 50 млн доллар деген ақпарат таратты.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сериалдың бюджетінің қомақты екендігін Түркияның «Джихан» ақпарат агенттігі де, елдегі ең беделді ақпараттық сайттардың бірі haberler.com сайты да жазды. Алайда, отандық ақпарат құралдарында ондай дерек жоқ. Тек әу баста сериал үшін 5 млн доллар қарастырылғаны айтылған. Кейін қаржының біразы қысқарып кетсе керек. Түрлі алып-қашпа әңгімелердің туындауына да осы қаржы мәселесі себеп болған еді.

Түркияның мемлекеттік TRT арнасы көрсетіп жатқан «Тірілу. Ертұғрыл» сериалының бюджеті де қомақты екендігін айтылатын. Алайда, Қазақ хандығы туралы сериалдың 50 млн долларлық бюджеті туралы ақпарат түркиялықтардың өзін таң қалдырды. Өйткені, түріктер әйгілі Фатих сұлтан Мехмет туралы «Fetih-1453» фильмін 17 млн долларға түсірген болатын. Ал, Қытайдың «Құбылай хан» атты сериалы 220 млн долларға түсірілген.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу