Елімізден шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға БҰҰ мен Дүниежүзілік банк көмектеспек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізден шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға БҰҰ мен Дүниежүзілік банк көмектеспек

16.06.2023

Елімізден шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға Біріккен ұлттар ұйымы мен Дүниежүзілік банк көмектеспек. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Айтуларынша, бұл ұйымдар жасырылған дүние мүлік, ақша жайында мәліметтер бермек. Айта кетейін, заңсыз шетел асқан активтерді қайтаруды былтыр президент тапсырған еді. Содан бері оффшорда жасырылған 760 миллиард теңгенің дүниесі елге қайтарылды. 


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу