Шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару үшін арнайы халықаралық желі құрылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару үшін арнайы халықаралық желі құрылмақ

24.04.2018

«Жаһандық қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі хаб қаржылық қылмыстарды анықтап, заңсыз әрекеттерді дер кезінде тоқтатуға мүмкіндік береді», - дейді мамандар. Еуропа елдерінде өзара жүйе бұрыннан бар. Сондықтан, бүгін Астанаға арнайы ат басын бұрған шетелдік мамандар жылдар бойы жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Осы уақытқа дейін Қазақстанның 400-ге тарта заң қызметкері арнайы оқудан өткен. Жаңа жүйе құрылса, Орталық Азия елдерімен бірге Ауғанстан, Пәкістан, Иран сынды мемлекеттер ортақ мақсатта жұмыс істемек. Жыл соңына дейін Астанада тағы дәл осындай екі семинар өткізу жоспарда бар.  

Рахматулла Балашов, Құқық қорғау академиясының аға прокуроры:

- Осы жүйе арқылы активтерді қайтаруға мүмкіншілік болады. Семинарға Еуропада біраз жылдан бері іске асып келе жатқан жүйенің мамандары қатысып жатыр. Олар бізге өздерінің тәжірибелерін көрсетеді және осы жүйені құруға көмектеседі.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу