Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады

24.05.2023

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жеке ведомство құрылады. Бұл туралы Мәжілісте айтылды. Тиісті заң жобасы мен бірнеше ілеспе құжат талқыланады. «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға, Азаматтық, Қылмыстық-процестік, Салық, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстер мен басқа да заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу қарастырылған. «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасы қолданысқа енгізілген соң қайтарылған активтерді жинақтау әрі басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор құрылып, басқарушы компания жасақталады. Бұл қайтарылған активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу