Алдағы жексенбіде медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы жексенбіде медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

16.06.2023

Медицина қызметкерлері алдағы жексенбіде кәсіби мерекесін атап өтеді. .

Еңбек өтілі 15 жылдан асатын ақ халатты абзал жан жылына 150-ге жуық күрделі операция жасап келеді. Оған қоса, күн-түн демей науқастардың жағдайын бақылап, жаны қысылғандардан жылы сөзін де аямайды. Бала кезінен кардиохирург болуды армандаған білікті дәрігер елордада білім алып, Латвияда іс-тәжірибеден өткен. Қазір ол жүрек трансплантациясынан басқа оталардың барлығын жасайды.

Нұрлан Мінайдаров, кардиохирург:

Менің дәрігер болуыма үлкен әпкем себеп болды. Ол кішкентай кезінде жүрек ауруымен ауырған. Сол кезде өзіме серт бергенмін. Дәрігер боламын деп. Мен бұл жерге келгенге дейін кардиохирургия бөлімшесі болмаған. 2008 жылы ашылды.  


Хабарламаларға жазылу