Президет медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президет медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады

22.06.2020

Президет Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мемлекет басшысы өзінің Twitter парақшасында: «Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді»,- деп жазды. Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Осыған орай, Мемлекет басшысының жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп жүрген бір топ медицина мамандары мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу