Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті

24.06.2014
Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті
 
Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері тұңғыш рет кәсіби мерекелерін салтанатты түрде атап өтті.
 
Бұл өңірде 8 мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етуде. Олардың орта жасы - 40, ал, орташа еңбек өтілі - 7 жыл.
 
Елбасы саясатын жүзеге асыруда мінсіз қызмет етіп жүрген сала мамандарының арасында 7-еуі -«Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісінің иегері, 14-і - Алматы облысының Құрметті азаматы.
 
Алматы облысының әкімі барлық қызметкерлерді мерекелерімен құттықтап, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етті.
 
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен облыстық спартакиада жеңімпаздарын да марапаттады.
 
Ақмарал Бектұрғанова, «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісінің иегері:
Алға қойған мақсаттар мен облыс басшысының, Президенттің қойған талаптарын орындап, мемлекеттік қызметші деген атақты абыроймен ұстап, еңбек етіп, еліміздің, облысымыздың дамуына үлес қосу керек.

Хабарламаларға жазылу