Аргентинада тегін тамақ тарататын асханаларда ұзын-сонар кезек пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада тегін тамақ тарататын асханаларда ұзын-сонар кезек пайда болды

15.06.2023

Аргентинада тегін тамақ тарататын асханалардың жанында ұзын-сонар кезек пайда болды. Бұл — елдегі қымбатшылықтың көрінісі. Болжамдарға сәйкес, жыл соңына қарай инфляция деңгейі 150 пайызға жетуі ықтимал.

Бүгінде әрбір 10 аргентиналықтың 4-еуі кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Жағдайы нашар адамдарға тегін тамақ үлестіретін орындарға келушілердің саны әлдеқайда көбейген. Экономикалық дағдарысты еңсере алмай отырған мемлекет қатаң үнемдеу шараларын қабылдауға мәжбүр. Мұндай саясатқа көңілі толмаған тұрғындар жиі-жиі шеруге шығып жүр.    


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу