Алматыда Т.Төреәлі мас күйінде полицияға ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Т.Төреәлі мас күйінде полицияға ұсталды

14.06.2023

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі есірткі шегіп көлік айдап, полицияға ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода әншінің құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, оқиға орнынан қашып кетуге тырысып жатқанын көруге болады. Полиция талабына бағынбаған құқық бұзушы медициналық тексеріске жеткізілген. Нәтижесінде оның есірткі қолданғаны анықталды. Азаматтың үстінен бірнеше бап бойынша хаттама толтырылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі.

Серік Селеубайұлы

Хабарламаларға жазылу