Маңғыстауда мұнай төгіліп, қоршаған ортаны ластап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда мұнай төгіліп, қоршаған ортаны ластап жатыр

14.06.2023

Маңғыстауда Жетібай ауылынан 15 шақырымдай жерде мұнай төгіліп, қоршаған ортаны ластап жатыр.

Сұйықтық төгілген жерде мал жайылып жүр. Экологтар бұл аумақтың «Шалва» кен орнына тиесілі екенін анықтаған. Алайда ешкімді жауапқа тарта алмайды. Себебі ескі ұңғымалардың қазір иесі жоқ. Ал жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. «Сондықтан ластанған аумақты қоршаудан басқа амал жоқ», - дейді мамандар.

Мағжан Ғалымов, Облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:

«Шалва» кен орны бұрын «Мұнайсервис» дейтін мекеменің атында болған. Қазіргі таңда ол мекеме жоқ. Біздер тиісті тексеру жұмыстарын жүргіздік. Алайда олардың басшылары Қазақстанда болмағандықтан тиісті шара қолдануға мүмкіндік болмай отыр.


Аягөз Оралбай

Хабарламаларға жазылу