Маңғыстауда 200 шаршы метр аумаққа мұнай төгілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 200 шаршы метр аумаққа мұнай төгілді

22.10.2019

Маңғыстауда Жетібай кен орнында апат болып, 200 шаршы метр аумаққа мұнай төгілді. 

Экологтардың мәлімдеуінше, мұнайды айдау және өңдеу цехын қоршап жатқан мердігер компания құбырды тесіп алған. Салдарынан мұнай далаға төгіліп, жер қыртысын бүлдірді. Қоршаған ортаға келтірілген залал есептеліп жатыр. Мамандар бірқатар сынама алған. Апатқа жауапты мекеме оқиға орнында тазалау жұмыстарын жүргізуде. 

Ержан Жұмашев, Маңғыстау облыстық Экология департаменті экологиялық бақылау бөлімінің басшысы: 

Қазір жоспардан тыс тексеріс жүріп жатыр. Қанша шығын келгенін тексерістен кейін айтамыз.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу