Мадагаскарда тасқыннан 10 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадагаскарда тасқыннан 10 адам қаза тапты

24.01.2022

Мадагаскарда үздіксіз жауған нөсер жаңбырдың соңы алапат тасқын мен лай көшкініне ұласты. Ел астанасында 12 000-дай адам үйсіз қалған. Тағы 20 ауданға су басу қаупі төніп тұр. Билік бұған жол бермеу үшін қажетті шараларды қолға алды. Ауа райын бақылаушылар аралға циклон жақындап қалғанын ескертіп отыр.  

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу