Талдықорған орман шаруашылығы қызметкерлері қаралы жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған орман шаруашылығы қызметкерлері қаралы жиын өткізді

12.06.2023

Абай облысындағы алапат өртте көз жұмған резерват қызметкерлерінің қазасы жетісулық орманшылардың да көңілін құлазытты. Талдықорған орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бүгінгі жұмыс күнін бір минуттық үнсіздікпен бастап, қаралы жиын өткізді. Тілсіз жауда опат болған әріптестерін бір сәт еске алып, рухтарына тағзым етті. «Дәл қазір бүкіл қазақ елінің орман шаруашылығы ойсырап қалғандай» дейді сала мамандары. Семей резерватындағы өрттен кейін барлық ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, қорықтар мен ұлттық парктер күшейтілген жұмыс кестесіне көшкен.

 Асқар Орынбаев, «Талдықорған орман шаруашылығы» КММ директорының орынбасары: 

Абай облысындағы өрт бәрімізге оңай тиіп жатқан жоқ. Талдықорған орман шаруашылығы бойынша 185 мың гектар жерді қорғаймыз. Орман қорына кіріп-шығуға жеке тұлғаға тыйым салынады. Орман күтушілер күндіз-түні бекет қойылған. Бекетте күзет жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу