Орманды қалпына келтіру үшін жарты ғасырға жуық уақыт керек – экологтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орманды қалпына келтіру үшін жарты ғасырға жуық уақыт керек – экологтар

12.06.2023

«Жалын жайпаған орманды қалпына келтіруге жарты ғасырға жуық уақыт керек» дейді елдегі экологтар.

Мамандардың сөзінше, Семей орманындағы жасыл-желектің басым бөлігі – қарағай, арша мен шырша ағаштары. Сондықтан өңірдегі өзге ағаштарға қарағанда күтімді көп қажет еді. Сондай-ақ орман шаруашылығының техникалық базасын нығайтпай, өрттің алдын алу мүмкін еместігін айтады.

 Серік Қойбақов, эколог: 

Орманды қалпына кетіру үшін оған кемінде 30-40 жыл уақыт керек. Шыршалардың өзінің жыл сайынғы өсімі 30-40-50 сантиметрге дейін береді. Қомақты қаражат керек. Сондықтан оны өсіру үшін арнайы тұқымбақтар жасау керек. 


Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу