Мәскеуде «XX-XXІ ғасырлардағы Қазақтың лирикалық поэзиясы» атты шығармашылық кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде «XX-XXІ ғасырлардағы Қазақтың лирикалық поэзиясы» атты шығармашылық кеш өтті

19.09.2014
Мәскеуде «XX-XXІ ғасырлардағы Қазақтың лирикалық поэзиясы» атты шығармашылық кеш өтті

Мәскеуде Орталық әдебиетшілер үйінде «XX-XXІ ғасырлардағы Қазақтың лирикалық поэзиясы» атты шығармашылық кеш өтті. Шараны Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды strategy2050.kz. сайты.

Шарада А.Құнанбаев, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, О.Сүлейменовтың және басқа да ұлы қазақ ақындарының туындылары оқылды.

Сондай-ақ, белгілі әнші, жыршы Бекболат Тілеухан да өз өнерін көпшілік назарына ұсынды.

Сыртқы істер министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, іс-шараға Мәскеудегі Қазақ диаспорасының «Мұрагер» және «Қазақ тілі» атты қазақ мәдениеті қоғамдарының мүшелері, Мәскеудің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер, Мәскеуде орналасқан ҚР ұлттық компаниялары филиалдарының өкілдері қатысты.

Сурет strategy2050.kz. сайтынан алынды

Хабарламаларға жазылу