Сарапшы: Жалған ақпаратпен күресетін жаңа технологияларды талқылауымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Жалған ақпаратпен күресетін жаңа технологияларды талқылауымыз керек

09.06.2023

Астана форумында сарапшылар жаһандық сын-қатерлердің алдын-алу жайын қозғап, нақты ұсыныстарын айтып жатыр. Жиында Қазақстан үшін ғана емес, әлем елдері үшін өзекті, күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыға түсуде. Яғни, форум ортақ бір мәмілеге келетін алаң. Жиналғандар осылайша халықаралық байланыстарды нығайтатуға мүмкіндік бар дейді.

Шарлотта Кан, халықаралық журналист: 

Дәл осы Астана халықаралық форумына қатысуға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын. 2019 жылы да Қазақстанда экономикалық форум болған еді, содан бері Қазақстан жері диалогқа ыңғайлы үлкен алаңға айналды. Әсіресе жердің мәселесіне, климаттық өзгеріс, гендерлік теңдік сынды мәселерге қатысты пікір алмасу маңызды деп білемін.

Арфуш Валид, халықарлық медиа менеджер: 

Жалған ақпарат қазіргі қоғамда жиі кездеседі. Бізге қайсысы шын, қайсысы жалған екенін ажырата білу керек. Менің ұсынатын идеям  жалған ақпаратпен күресетін жаңа технологияларды талқылауымыз керек. Әсіресе қазір жасанды интеллект арқылы адамның даусын, бетін өзгертіп, жалған ақпарат айту қаупі бар.

Мохаммед Рашид Маанину, Марокко елшісі: 

Иә, форум қызықты өтіп жатыр. Себебі мұнда қазіргі әлемдік, жаһандық мәселелер туралы маңызды диалогтар болып жатыр. Энергия саласы қазіргі күнде өзекті. Энергияның 35 пайызы күн мен желден алынады. Бұл көрсеткіш 5-10 жылдан кейін 55 пайызға жетеді. Қазақстанның да мұндай көрсеткішке жетуіне әлеуеті жоғары. 


Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу