Оралда 180 пәтерлік тұрғын үй ел игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 180 пәтерлік тұрғын үй ел игілігіне берілді

11.11.2022

Оралда 180 пәтерлік тұрғын үй ел игілігіне берілді.

«Ақжайық» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бюджет қаражатына салынған пәтер кілттері баспанаға мұқтаж жандарға табыс етілді. Олардың ішінде жылдар бойы банкке ақша жинаған салымшылар мен көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар адамдар да бар. Баспананың шаршы метрлік құны нарықтан 30%-ға арзан. Қолайлы аумақта орналасқан. Айналасында мектеп, балабақша, емхана сынды әлеуметтік нысандар бар.

Асыланбек Хамитов, қала тұрғыны:

2017 жылдан бастап өзіміздің есепшотымызды ашып, бес жыл бойы ақшамызды жинадық. Осы кезге дейін туыстарымыздың үйінде тұрдық. Бұйырып, үйімізді алып отырмыз бес жыл дегенде. Үйіміз ұнады, жақсы, жылы.


Ардақ Мұратқызы, Қайырбек Ерболатұлы

Хабарламаларға жазылу