ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне кіретін Сиан-Каан қорығы өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне кіретін Сиан-Каан қорығы өртенді

16.07.2019

Мексикада ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандарының тізіміне кіретін Сиан-Каан қорығын өрт шалды. Соның салдарынан 2500 гектар алқаптағы ағаштар мен жасыл желек жанып кетті.

Тілсіз жаумен күресу үшін 7 өрт сөндіру бригадасы, 100 шақты адам мен тікұшақ жұмылдырылған. Мамандар өртке аңшылар кінәлі болуы мүмкін дейді. Себебі,жыл басынан бері қорғалатын аумақта 9 орман өрті тіркелген. Олардың ішінде кісі қолынан болғандары да бар. Қорық басқарушысының айтуынша, өсімдік әлемін қалпына келтіру үшін кемінде 200 жыл қажет.

Сиан-Каан ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне 1987 жылы енген. Ол – құстар мен жануарлардың көптеген түрлері үшін тіршілік мекені. Сонымен қатар, резерват аумағында майя өркениеті нысандарының 20-дан астам археологиялық қазындысы бар.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу