Қостанайда 17 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 17 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды

07.06.2023

Қостанайда күш көрсетіп қорқытып, бір азаматтан аса ірі көлемде ақша бопсалап келген күдікті ұсталды. Ол осы тәсілмен алты ай ішінде жәбірленушінің 17 млн теңгесін иемденген. Төзімі таусылған жәбірленуші полицияға өзі шағымданыпты. Қолға түскен күдікті бұрын сотталған 29 жастағы азамат болып шықты. Тұтқындалған кезінде одан қару-жарақ пен есрткі де тәркіленді. Қазір күдіктінің өзге қылмыстарға қатысы тексерілуде. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу