Германияда Қазақстанды таныстыру шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда Қазақстанды таныстыру шарасы өтті

06.06.2023

Қазақстанда туып-өскен немістер жақында Германияда Абай үйін ашқанын айтқан болатынбыз. Сол үйде байырғы Отандастарымыз жергілікті тұрғындар мен балалар үшін Қазақстанды таныстыру шарасын ұйымдастырды. Қазақстандық неміс ұлтының өкілдері құрған «Қазан» қазақ мәдени қоғамының мүшелері жиналғандарға тақия тігуді үйретіп, бауырсақ пісіруден шеберлік сабағын өткізді. Сондай-ақ қазақтың салт-дәстүрлерінен үзінді көрсетіп, ұлттық әнін шырқап, мың бұрала би биледі.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу