Қазақстандық екі азамат Тайландта суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық екі азамат Тайландта суға батып кетті

05.06.2023

Тайланд жағажайында суға батқан отандасымыз кеше кешке ауруханада көз жұмды. Сыртқы істер министрлігі осындай ақпарат таратты. Қазақстандық азаматтың суға тұншығып, жансақтау бөліміне түскендігі туралы хабарлама 1 маусым күні түскен. Бірнеше күн ес түзсіз жатқан азамат ақыры есін жинай алмады. Екі күн бұрын оның әке шешесі де Тайландқа ұшып барған. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша қатты жел болғандықтан тура сол күні суға шомылуға тыйым салынған.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Біздің азаматтарға жергілікті билік егер суға түспеу туралы хабарлама берсе сол ережелерді сақтау қажет. Өйткені үшінші маусым күні тура сол пляжда тағы бір азаматымыз суға батып кетті. Оны құтқарып үлгермеді. Енді олардың екеуінің де денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Туыстарымен жұмыс істеп жатырмыз. Құжаттары рәсімделеді. Әуе компаниясымен және басқа да денені жеткізу компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу