Батыс Қазақстанда соңғы бір айда 13 адамның ажалы судан болды

12.06.2019

Үшеуі кәмелет жасқа толмаған балалар. Ал күні кеше ғана екі адам бірдей суға батып кетті. Бірі - 20, екіншісі 50 жастағы азамат. Жазатайым оқиғалар - жүзуге арналмаған жағажайда болған. Егде жастағы ер адам суға мас күйінде батып кеткен. Өткен жылы осы кезеңмен салыстырғанда, қайғылы оқиғалар саны аз болған. Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Әбілхат Әділбеков, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің аға офицері:

Орал қаласында, Елизаров көшесінің тұсында Жайық өзенінде жедел құтқару жасағының 3 жұмысшысы 1999 жылы туған азаматтың мүрдесін тауып, судан шығарды. Ол жүзуге жабдықталмаған жерде суға батып кеткен. Өлім жағдайы анықталуда.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу