Президент Самал Еслямованы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Самал Еслямованы қабылдады

05.06.2023

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады. Кездесуде отандық театр өнері мен кинематография саласын дамыту жайы талқыланды. Президент отандық фильмдерде тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет екенін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мәдениетін танытуға үлес қосып келе жатқаны үшін актриса Самал Еслямоваға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Самал Еслямова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса:

Мемлекет басышысымен кездесуде жалпы Қазақстанның өнері, театр өнері, жалпы актерлдік өнер сол жайлы сөйлестік. Еліміздің мәдениетіне деген үлесімізді қосамыз. Еңбек етемін. Қарапайым жылы кездесу болды.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу