Президент әкімдерді қабылдады

03.02.2019

Үкімет үйінен шыққан әкімдерді Президент Ақордаға жинап, әр аймаққа қатысты мәселелерді тағы бір пысықтады. Бұдан былай аймақ басшылары айдаған бес ешкісіне мәз болмай, атқарған істерінің ауқымына қарай бағаланады. Ең алдымен, елдің әлеуметтік ахуалы бірінші орында тұруы тиіс. Яғни, халықтың табысы артып, күнкөрісі жақсарып, жанбағуы жеңілдеуі қажет. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын ашпақ керек. Ал, жаңа жұмыс орындары дегеніміз жаңа жобалар мен жақсы инвесторларды тартқанда ғана ашылады. Сонымен қатар, халықтың қалтасын қаға бермей, азық-түлік пен коммуналдық қызметтердің бағасын ағаш басына шығарып қоймай, керісінше арзандату да - әкімдердің арқасына артылған жүктің ең ауыры. Сосын бұқарадан бұқпантайлап қаша бермей, халықпен жиі жүздесіп, дидарласып, арыз-шағымына құлақ асып тұру керектігін де Елбасы әкімдерге ескертті. Ал, күнделікті және маусымдық проблемалар ешқашан ертеңге қалдырылмай, дер кезінде шешілгені абзал. Бұл ретте Президент қарғын су басып қалуы мүмкін деген қауіптің алдын алып, алдағы егістік науқанына әзірлікті қазірден бастап пысықтауды тапсырды.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу