Қызылорда 10 мың оқушы демалыс лагеріне барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда 10 мың оқушы демалыс лагеріне барады

01.06.2023

Қызылорда облысында 8 мыңнан астам түлек бүгін алтын ұя мектебімен қоштасты. Шаһар орталығында балалар мерекесі тойланып, оқушыларға демалыс лагерлеріне жолдама берілді. 

Әділбек Серікұлы, тілші:

 Биылғы жаз аймақ оқушылары үшін қуанышқа толы болмақ. Шамамен 10 мыңдай жасөспірім республикалық және облыстағы демалыс лагерлеріне тегін жолдама алады. Сондай-ақ білім басқармасы оқушылар үшін еліміздің тарихи орындарына экскурсиялар ұйымдастырмақ.

Жалпы думанды шаралардың дені таңертең өтіп кетті. Дегенмен қалалық демалыс паркінде кешкілік балаларға арналған концерттік бағдарлама қойылып, мереке әлі де жалғасын табады. Мұнан бөлек ауыл мектептеріне оқушыларды тасымалдауға 9 су жаңа автобус табысталды. 

Әділбек Серікұлы



Хабарламаларға жазылу