Қызылорда мен Батыс Қазақстан өңірлерінен келген оқушылар Ақмола облысының киелі жерлеріне саяхат жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда мен Батыс Қазақстан өңірлерінен келген оқушылар Ақмола облысының киелі жерлеріне саяхат жасады

11.06.2018

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында демалыс күндері Қызылорда мен Батыс Қазақстан өңірлерінен    келген оқушылар Ақмола облысының киелі жерлеріне саяхат жасады.   Экскурсиялық тур кезінде 130-ға тарта бала тарихи-мәдени жәдігерлермен, сондай-ақ, жергілікті ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерімен танысты. 

Бурабай ауданындағы «Жайлау» этноауылын аралаған жасөспірімдер киіз үйлердегі ұлттық музыкалық аспаптардың үнін тыңдады. Алтыбақан теуіп, бауырсақ, қымыз, шұбаттан дәм татты. Жайлауда салт атқа мініп, біраз сергіп қалды. 

Қаракөз Әбдіқами, оқушы:

- Біз Қызылорда облысынан Көкшетауға, яғни, Бурабай лагеріне келдік. Бізді мұнда өте керемет қарсы алды. Бұл игі іс Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл жақ өте керемет, табиғаты таза.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу