Қазақстан мен БАӘ арасындағы инвестициялық жобалар талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен БАӘ арасындағы инвестициялық жобалар талқыланды

01.06.2023

Ел Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады. Сауда көлемін ұлғайту, энергетика, көлік және логистика салаларындағы жұмыстар пысықталды. Былтыр Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 27 пайызға өсіп, шамамен 420 млн долларға жеткен. Ал екі елдің көшбасшылары өзара тауар айналымының көлемін 1 млрд долларға дейін жеткізуді міндет етіп қойған болатын.  

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу