Бакуде таеквондодан әлем чемпионатының екінші күнінде де ел қоржынына медаль түспеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бакуде таеквондодан әлем чемпионатының екінші күнінде де ел қоржынына медаль түспеді

30.05.2023
Бакуде өтіп жатқан таеквондодан әлем чемпионатының екінші күнінде де ел қоржынына медаль түспеді. Жарыс жолына бірінші болып ерлерден 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Самирхон Абабакиров шықты. Ол алғашқы кездесуінде алжирлік таеквондошыны жеңіп, 1/16 финалда АҚШ өкілінен басым түсті. Алайда, үшінші кезеңде Тунис өкілінен жеңіліп қалды. Ал, әйелдер арасында 67 келі салмақта Нұрай Құсайынова екі қарсыласын жеңіп, 1/8 финалда франицялық спортшыға жол берді. 73 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Жансель Дениз жарысты 1/16 финалдан бастады. Бірінші кездесуінде грекиялық таеквандошыны, 1/8 финалда испания өкілін жеңіп, ширек финалда федерация атынан қатысып жатқан ресейлік спортшыдан айласын асыра алмады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу