Таеквондодан Әлем чемпионы Аятжан Əмірханов елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таеквондодан Әлем чемпионы Аятжан Əмірханов елге оралды

29.06.2023

Таеквондодан Әлем чемпионы Аятжан Əмірханов елге оралды. Мексиканың Масатлан қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген жерлесімізді оның жанкүйерлері мен туыстары Астана әуежайында ерекше ықыласпен күтіп алды. 12 жасар Аятжан бұл спорт түрінен əлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ баласы. Айта кетейін ел қоржынында мұнан өзге тағы үш медаль бар. Алматылық спортшылар Изият Қасанов, Əзім Ниязов пен Антон Пакта әлемдік жарыста топ жарып, 1 алтын, 2 күміс жүлдені иеленді.

Аятжан Әмірханов, Таеквондодан әлем чемпионы:

Бірінші күресте мен мексикалықпен шықтым. Ол өте қиын болды. Трибунада өте көп жанкүйерлері қолдады. Моральды қолдау өте көп болды. Сол жағы маған қиын болды. Сол үшін де маған бірінші және финал ойындары қиын болды. 

Динара Қабдулова, бапкер:

Әлем чемпионаты қиын болды. Себееі, әлем чемпиоантына ең мықытлар қатысады. Аятжан ір бойдың алдында сопернигінің тактикасын зерттеп, шықты. «Корея OPEN»-ге 12-14 жасқа дейін қатысады. Сол үшін қиын болады. Бірақ дайындаламыз. Егер «Корея OPEN»-ді жеңсек, онда Азия чемпионатына жолдама аламыз. 



Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу