Ерлан Қошанов Мәжіліс қызметі туралы есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қошанов Мәжіліс қызметі туралы есеп берді

30.05.2023

Мәжіліс сайлаушылармен жұмысты күшейтті. Депутаттар халықтың өзекті мәселелеріне қатысты сауалдарды жиі жолдай бастады. Мұны Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ерлан Қошанов айтты. Төменгі палата төрағасының сөзінше, сессия басталғалы 75 заң жобасы қаралып, 14-і Сенатқа жолданды. Жуырда 2022 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуы туралы Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есебіне қатысты қоғамдық тыңдалым өтеді. Бұдан бөлек, Мәжіліс биыл маусым айында БҰҰ-ның қолдауымен Орталық Азия әйелдері диалогының бірінші отырысын өткізеді. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу