Түркияда сайлау халықаралық талаптарға сай өтті
Кеше Түркияда өткен Президенттік сайлаудың екінші турында айтарлықтай заңбұзушылық болған жоқ. Бұл мәліметті елдің Жоғарғы сайлау комиссиясы жариялады. Сондай-ақ бұл саяси науқанды жүздеген халықаралық байқаушы қадағалады. Олардың қатарында қазақстандық байқаушылар да бар.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Түркиядағы Президенттік сайлаудың екінші турын Еуропа Одағы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы сияқты бірқатар халықаралық ұйымдардан 489 байқаушы қадағалады. Олардың қатарында Түркі мемлекеттері парламентаралық ассамблеясы атынан қатысқан қазақстандық байқаушылар да бар. Біздің депутаттар Анкара және Кония қалаларындағы сайлау учаскелерінде жұмыс істеді. Сайлау қорытындысына қатысты Түркі мемлекеттері парламентаралық ассамблеясы жариялаған есепте сайлаудың демократиялық шарттарға сай, әділ әрі ашық өткені айтылды.
Самат Мұсабаев, ТҮРКПА ұйымының байқаушысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл сайлау демократиялық тұрғыдан өте тартысты болып өтті. Ашықтық, әділдік демократияның көрінісі болды. Түркияға бауырлас елдерде де осындай бір жақсы, ашық сайлау өтсе деп тілейміз. Әділдік осы сайлаудан басталады деп есептеймін.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Кеше түнде Анкарадағы резиденциясы алдында жиналған жақтастары алдында сөз сөйлеген Режеп Тайып Ердоған Түркия жүзжылдығының жаңа тарихы басталғанын және сайлаудан соң ең алдымен инфляцияны ауыздықтап, экономикалық реформалар жасауды қолға алатынын айтты. Кей экономистер сайлаудан кейін доллар күрт қымбаттап, инфляция жоғарлайды деген болжам жасаған болатын.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07