Ақорда: Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекет құруға немесе құрамына кіруге ниетті емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақорда: Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекет құруға немесе құрамына кіруге ниетті емес

26.05.2023

«Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттің құрамына кіруді жоспарлап отырған жоқ». Президент әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды. Айтуынша, мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияның тек экономикалық сипатта болуын қолдайды. «Бүгінде ЕАЭО-ның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шықты. Бұл – ерекше прецедент. Мемлекет басшысының пайымынша, шын мәнінде, бір халық және бір мемлекет туралы сөз болып отыр. Осы ретте мүлде басқа мақсаттарды көздеген екі түрлі интеграциялық жоба шеңберіндегі бастамалардың ара-жігін ажырату аса маңызды» делінген жазбада.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу