Өңірлерде фермерлерге субсидиялардың 50 пайызы ғана төленген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде фермерлерге субсидиялардың 50 пайызы ғана төленген

24.05.2023

Өңірлерде фермерлерге берілуі тиіс тауарлық субсидиялардың 50 пайызы ғана төленген. Ал инвестициялық субсидиялардың нәбәрі 30-40 пайызы берілді. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Үкіметке жолдаған сауалында ауыл шаруашылығында орын алған проблеманы көтерді. Бұған қоса, Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған жаңа gosagro.kz платформасы толық жұмыс істемейді деді. Субсидия алуға өтініш қабылдай алмайды. Депутат, 2022 жылға арналған қолдау қаржының барлық түрі бойынша қарызды тез арада өтеу қажет деп отыр. Астықты форвардтық сатып алуға бөлінген қаражаттың едәуір қысқарып қалғанын да сынға алды. Мысалы, Ақмола облысы бойынша 12 млрд теңге қажет болса, тек 4 млрд теңге бөлінген.

Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі:

Қазақстандағы астық қоры 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша өткен жылғы деңгейден 1,5 есе көп болған, майлы дақылдар қоры 2 пайызға көбейген. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері өсірген егіннің едәуір бөлігін сатылмай қалды деген сөз, яғни биылғы егіс жұмыстарын жүргізуге жеткілікті қаражат жоқ.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу