Мәулен Әшімбаев: Мәселелерді шешуде күш біріктіруіміз қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев: Мәселелерді шешуде күш біріктіруіміз қажет

23.05.2023

«Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді жүйелі түрде іске асыру үшін күш біріктіруіміз керек. Елдегі өткір проблемаларды шешуді тек Үкіметке қалдырмай, Парламент және мәслиахат депутаттары да үн қосуы қажет». Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жергілікті уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысында осылай деді. Айтуынша, жаңа формациядағы заңдарды қабылдау ісіне мәслихат депутаттарын тартудың маңызы зор. Ал сенаторлар өңірлерді дамыту мәселелерін атап айтқанда, жергілікті инфрақұрылымның ерекшеліктері мен жағдайын жан-жақты зерделеп, қордаланған проблемаларды жүйелі түрде шешуге ықпал етуге тиіс.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Үлкен бастамалардың барлығының тиімді жүзеге асырылуы ол Үкіметке байланысты әрине. Үкіметпен қатар Парламент пен мәслихаттарға байланысты. Біздің жұмысымызға байланысты. Біз бірге жұмыс істеуіміз керек, нәтижелі жұмыс істеуіміз керек. Проблемалар болса оларды жасырмай айтуымыз керек. Түйіткілдер болса оның шешілуіне жұмыс істеуіміз керек.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу