«Даму» стратегиясын даярлау қажет - Мәулен Әшімбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Даму» стратегиясын даярлау қажет - Мәулен Әшімбаев

08.02.2018

«Нұр Отан» партиясы жақын он жылдыққа арналған ұзақ мерзімді «Даму» стратегиясын даярлау қажет. Осындай тапсырманы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның орталық аппаратының  кеңейтілген жиынында жариялады. Бүгінде партиялық жаңғырудың нақты жоспары дайын. Бұл реформаның басты мақсаты – Қазақстанның экономикалық, саяси және рухани жаңғыруына жан-жақты қолдау көрсетудің тиімді тетігін қалыптастыру. Осы орайда партиялық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Жақын уақытта мамандардың біліктілігін толық тексеруден өткізіп, партиялық білім беру ісі де жаңа жүйеге көшірілмек. Одан бөлек, «Цифрлы Қазақстан» жағдайына байланысты партия өзінің медиа кеңістігінде жаңғыру, жаңару және бейімделу жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы өзінің ақыл-ой орталығын бүкіл елімізді қамтитын заманауи сараптамалық институт ретінде қайта құратыны белгілі болды.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, «нұротандықтар» елімізде болған кез келген өзекті мәселелерге бірінші болып назар аударып, олардың оңтайлы шешілуіне бар күш-жігерін жұмсамақ.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары:

 - Стратегиялық күш ретінде үлкен жұмыстарды атқару керек. 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу