Қазақстанның халықаралық мәселелерді шешудегі рөлі ерекше – БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның халықаралық мәселелерді шешудегі рөлі ерекше – БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары

10.06.2022

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңында жаһандық мәселелерді шешудегі рөлі ерекше. Ұйым бас хатшысының бірінші орынбасары Әмина Мұхаммед Қазақстанға жасаған алғашқы сапарында осылай деп мәлімдеді. Климаттың күрт жылынуы проблемасы бүкіл әлемде өзекті болып тұр. Осыған орай Қазақстан да шет қалмай, түйткілді шешуде өз үлесін қоса алады. 2060 жылға дейін ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін азайту маңызды. Кездесу барысында Ауғанстан тақырыбы да назардан тыс қалмады.

Әмина Мұхаммед, БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары:
Біз Ауғанстанды халықаралық ұйымға қайтару үшін күш салудамыз. Бұл ретте біз Ауғанстанды оң нормалары және құндылықтарымен қабылдай аламыз. Бұл мәселені шешуде Қазақстан жауапкершілік алып, барынша үлес қосады дегенге үмітім зор.


Хабарламаларға жазылу