Бельгияда бүгін жалпыұлттық шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда бүгін жалпыұлттық шеру өтті

22.05.2023

Бельгияда бүгін жалпыұлттық шеру өтуде. Мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлері жұмысты қойып, наразылық акциясын ұйымдастырып жатыр. Елдегі үш ірі кәсіподақ ұйымының мәліметінше, шеруге 15 мыңнан астам адам қатысуда. Олар қаланың басты көшелерін жауып, көлік қозғалысын қиындатқан. Қызметкерлер жұмысқа шықпағандықтан, бүгін бірқатар мемлекеттік мекеме, балабақшалар жабық. Бірен-саран автобус, трамвайдан басқа қоғамдық көлік тоқтаған. Шерушілер әлеуметтік демпинге «ереуілге шығу құқын шектеуге» қарсы наразылық білдіруде.

Пьер Мулан, Кәсіподақ ұйымының жетекшісі:

Әлеуметтік демпинг күшейіп барады. Ұзақ жыл жұмыс істеген қызметкерлердің орнына жұмыс беруші ақшаны аз төлейтін студенттер алып жатыр.

Жани Готье, жеке сектор қызметкері:

Айлығымызды көбейтіп, жұмысқа қолайлы жағдай жасауды талап етеміз. Қымбатшылық қажытып жіберді.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу