Көкшетауда жарылыстан зардап шеккен үш баланың жағдайы ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда жарылыстан зардап шеккен үш баланың жағдайы ауыр

21.12.2020

Көкшетауда газ баллон жарылысынан зардап шеккен алты баланың үшеуінің жағдайы ауыр. Екі ересек адам амбулаторлық ем қабылдауда. Оқыс оқиға кеше кешке болды. Газ баллоны тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде жарылған. Төрт литрлік баллонды баспанаға пәтер иесі алып келген. Көпқабатты үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған. Бірақ, үй иесінің баллонды пәтерге неге әкелгені белгісіз. Мамандар оны анықтап жатыр. Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Баспананың терезелері сынып, балкон жақтаулары опырылып түскен.  

Петр Редкозубов, көпбейінді облыстық балалар ауруханасының дәрігері :
-Денелерін күйік шалған 6 бала кеше ауруханаға түсті. 3-еуі жан сақтау бөлімінде, естерін жинады, бірақ жағдайлары ауыр. Қалғандары жалпы палатада. Қатты күйік шалған. Әзірге ешқандай болжам айта алмаймыз.   

Ермек Елберген


Көкшетау жарылыс газ баллон

Хабарламаларға жазылу