Италияда тасқыннан 13 мың тұрғын үйін тастап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда тасқыннан 13 мың тұрғын үйін тастап кетті

19.05.2023

Италияда бір жарым күн бойы толассыз жауған жаңбырдан 13 мың тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған. 5 мыңнан астам ферма су астында қалып, ондаған мың гектар жүзім алқабы су ортасында қалды. Сел көшіп, 400-дей жолға зақым келді. Жергілікті биліктің айтуынша, мұнда соңғы 40 жылда бөгеттер салынған жоқ. Олқылықты жою үшін гидротехникалық құрылысты басқаша жүргізу қажет. Үкімет келесі аптада табиғи апатқа байланысты жиын өткізуді жоспарлап отыр.    

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу