Түркістан облысында пара алған шенеунік сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында пара алған шенеунік сотталды

17.05.2023

Түркістан облысында кәсіпкерден пара алған Бәйдібек ауданының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталды. Ол 400 мың теңгені Ағыбет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою үшін алғаны дәлелденген. Әрі жалпы қамқорлық танытуға келіскен болып шықты. Аудандық соттың үкімімен шенеунік кінәлі деп танылып, мемлекетке параның 30 еселенген сомасын яғни, 12 млн теңге айыппұл төлейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айнұр Әбілқасымқызы 

Хабарламаларға жазылу