Ақмола облысында пара алған басқарма басшысы 4 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында пара алған басқарма басшысы 4 жылға сотталды

06.02.2023

Иә, пара беруге де, алуға да болмайды. Ақмола облысында пара алған лауазымды тұлға 4 жылға сотталды. Целиноград аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы жеке серіктестік директорынан құны 1 миллион теңгеден асатын құрылыс материалдарын тегін алған. Бұл үшін бюджеттік бағдарламалар арқылы берілетін мемлекеттік қаражаттың қозғалысы жайлы анықтама мен 166 миллион теңгеден асатын төлем шотын бекітіпті. Бас қазынашының кінәсі сотта толықтай дәлелденіп, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Ал пара берген кәсіпкерге 20 миллион теңге айыппұл салынды.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу