Әлем чемпионатында үш боксшымыз финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионатында үш боксшымыз финалға шықты

12.05.2023

Өзбекстанда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында күндізгі сессияда рингке шыққан үш боксшымыз да финалға жолдама алды. Қазір кешкі сессия жекпе-жектері өтіп жатыр. Тағы екі жерлесіміз ринке шығады. Толығырақ Ташкенттен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Айбек Намазбаев айтуға дайын.

Айбек Намазбаев, тілші:

Кеш жарық Асылбек! Жартылай финалдың күндізгі сессиясын жеңіл салмақтағы боксшылар бастады. Әр кездесуінде қарсыласты нокдаунға жіберіп көпшілікті тәнті еткен, 48 келідегі отандасымыз Санжар Тәшкенбай ресейлік Эдмонд Худояннан басым түсті. Екі боксшы былтыр Болгарияда өткен Странджа кубогінде кездесіп, ресейлік бокшы жеңген еді. Бүгін жерлесіміз есе қайтарды. Ал Махмұд Сабырханның бүгінгі жеңісі сенсация деуге болады. Ол кубалық Вейтия Йосванимен финалдық жолдаманы сарапқа салды. Үш Олимпиадаға қатысып, әлемдік додаларда алдына жан салмаған әккі спортшы кезінде Біржан Жақыповпен де қолғап түйістірген. Қарсыластың атақ-даңқына қармай, Махмұд үш раундта да жеңісті өз пайдасына шешті. Тағы бір финалист Дулат Бекбауовтың бұл алғашқы Әлем Чемпионаты болса да, жарыс жолында талай мықтыны сан соқтырды. 2021 жылғы Әлем Чемпионатының қола жүлдегері Лаша Гурулиде отандасымызға қарсылық таныта алмады. Менде әзірге бар ақпарат осы, Асылбек.

Айбек Намазбаев


Хабарламаларға жазылу