Париж-2024: Ел қоржынында 47 жолдама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж-2024: Ел қоржынында 47 жолдама

24.04.2024

Мерген Мария Дмитриенко стенд атудан Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Осылайша қазір ел қоржынында Парижге 47 жолдама бар. Қатар елінің астанасы Дохада өткен лицензиялық турнирде сұрмергеніміз «трап» жаттығуында финалға шықты. Сөйтіп, Олимпиа ойындарында бақ сынауға мүмкіндік алды. Мария осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 8-ші орынға табан тіреген болатын. Ал былтыр Бакудағы әлем чемпионатында аралас жұптық сында Даниил Почиваловпен бірге қола жүлдеге ие болды.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу