Кашмирде тұтқынға түскен үнді ұшқышы бүгін еліне қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кашмирде тұтқынға түскен үнді ұшқышы бүгін еліне қайтарылды

01.03.2019

Ол Пәкістан әскері ұшағын атып құлатқан соң, қолға түскен еді. Абхинандан есімді әуе күштерінің командирін қошеметпен күтіп алу үшін шекарада адам көп жиналды. Халық арасында ол «ерліктің символына» айналып отыр.

Бұған дейін Исламабад екі ел арасындағы жағдай жақсарса, тұтқындалған пилотты босататынын хабарлаған болатын. Ал, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан бұл әрекетті екі ел арасында «бейбітшілікті орнату» белгісі деп атап, қақтығыстарды тоқтатуға ниет білдірді.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу