Басты Жаңалықтар АҚШ-та қазақстандықты тонаған үш қарақшының бірі ұсталды

АҚШ-та қазақстандықты тонаған үш қарақшының бірі ұсталды

АҚШ-тың Майами штатында Олжас Қаныбек есімді азаматымызға шабул жасаған үш қарақшының бірі ұсталды. Полиция қалған екі күдіктінің де ізіне түскен. Бұл жайлы отандасымыз Олжас АҚШ-тағы меншікті тілшімізге берген сұхбатында айтты. Олжас Қаныбектің қарулы үш қара жігітпен жалғыз өзі алысып, тойтарыс беріп қана қоймай, біреуінің тапаншасын да тартып алған осы сәті бүкіл әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Суық қаруды кезенгеніне қарамастан қаскөйлерге қарсы тұра білген қайсар қазақтың әрекетіне жергілікті полицейлер де тәнті болған. Өзі бастапқы да қуып жетіп ұстап алған мына жігітті полиция арада жиырма бес күн өткенде қолға түсірді. Оны бүгін тергеуші хабарлапты.

Олжас Қаныбек:

Изоляторда отыр дейді оны. Қалғандарына да наводка бар. Келер аптада ұстаймыз дейді.

Қарақшылар қолға түскенімен олар тартып алған ақшасы мен телефоны қайтпайтын секілді. Әдетте мұндай қылмыскерлерде өндіріп алар түк болмайды депті құқық қорғаушылар. Десе де оған қам жеп отырған Олжас жоқ. Жігіттік намысы қайрап, өміріне қауіп төндірердей үлкен тәуекелге барып тұрып, зардап шекпегеніне шүкір дейді. Себебі, сол уақытта дәл сол ауданда екі жігіт оққа ұшқанын айтады.

Олжас Қаныбек:

Сол оқиғадан екі күн бұрын не кейін өзбек бауырлар бес мың долларға машина алуға барған. Біреуін атқан біреуін тірі қалған. Шетелде жүрген соң көзсіз ерлікке бара берудің қажеті жоқ.

Өзінің басынан өткен оқиға жайлы видеоны өзгелерді сақтандыру үшін салдым дейді. Өйткені, америкаға келіп жатқан қазақтар аз емес. Олжаспен хабарласып, тергеушілермен байланыста отырған консулдар да мұндағы Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырды. Себебі, АҚШ-та қарумен жасалатын қылмыс өте көп.

Жүсіп Орынбек, АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі Консулдық бөлімінің басшысы:

АҚШ-тағы қазақстандық азаматтарға қандайда бір осындай оқиғаға тап болған жағдайда көзсіз батырлыққа салынбай, АҚШ-тың құқық қорғау органдары көмегіне жүгіну, және Қазақстан консулдарымен байланысу, және заң аясында әрекет ету керегін ескертеміз.

Жалпы, АҚШ ең қаруланған ел саналады. Жүз адамға шаққанда жүз жиырма қарудан келеді. Яғни, екінің бірінде суық қару болуы мүмкін. Сондықтан дипломаттар бандыны қуған Олжас та кез келген жағдайда бірінші кезекте сақтыққа мән беру керек дейді.

Жалғас Сәдібекұлы


Бөлісу