Жетісу облысында дәстүрлі фестиваль қайта жаңғырды
Жетісу облысында «сиверс» алмасының гүлденуіне арналған фестиваль, биыл қайта жаңғырды. Пандемиядан кейін бірнеше жыл тоқтап қалған шараға бұл жолы халық та өте көп келді. Алманың отаны Қазақстан екенін айшықтайтын басқосудың мақсаты дүйім жұртты табиғатты аялауға шақыру және Жапон сакурасының гүлденуінен кем түспейтін көріністі тамашалау. Айта кету керек жабайы алма Жоңғар Алатауы ұлттық паркінің аумағында 10 мың гектар жерді алып жатыр. Жыл сайын парк қызметкерлері 30 гектарға алма көшеттерін отырғызып, орман қорын молайтып келеді. Биылғы шарада бұл дәстүр өз жалғасын тапты.
Құралай Кәрібаева. биология ғылымдарының докторы, профессор:
Біздің міндетіміз осы Алла берген байлығымызды сақтап қалып, болашақ ұрпаққа жеткізу әрбір қазақ азаматының міндеті. Ол тек қана парк қызметкерлері емес, тек ғалымдар емес, айналадағы халық соны біліп, балаларына айтып отыру керек.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15