Пәкістанның жемқорлықпен күрес соты бұрынғы премьер-министрі Имран Хан тұтқындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанның жемқорлықпен күрес соты бұрынғы премьер-министрі Имран Хан тұтқындалды

10.05.2023

Пәкістанның жемқорлықпен күрес соты бұрынғы премьер-министрі Имран Ханды тұтқындағаннан кейін елде шерулер мен тәртіпсіздіктер басталды. Соңғы мәліметке қарағанда, Ханның жақтастары мен полицейлер қақтығысып, кемінде 1 адам қаза тауып, 12 тұрғын жараланған. Зардап шеккендердің алтауы – тәртіп сақшылары. Демонстранттар көшелерге шығып, жолдарды бөгеп, көліктерге өрт қойып, әскери мекемелерге шабуыл жасады. Сондықтан елдің 3 провинциясында төтенше жағдай жарияланған.

70 жастағы Имран Хан былтыр сәуірде парламент сенімсіздік білдіргеннен кейін отставкаға жіберілді. Артынша оған қатысты жүз шақты қылмыстық іс қозғалды. Олардың қатарында коррупция және терроризм бар. Алайда экс- премьер өзіне тағылған кінәлардың бірде-бірін мойындамады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу