Талдықорғанда ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтті
Талдықорғанда Жеңіс күніне орай ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс өтті. Аламан, құнан, топ бәйге мен жорға жарыста сәйгүліктерін сынауға елдің түпкір-түпкірінен 120-дан астам шабандоз келді. Мұнан бөлек, бірнеше көкпар командалары өзара мықтыларды анықтады. Бәйге арасында жамбы ату, қыз қуу, теңге ілу сияқты ұлттық ойындар ойнатылып, рухани құндылықтарымыз дәріптелді. Бабалар ерлігін насихаттап, ұлттық өнердің өрісін кеңейтуге бағытталған ауқымды шаралар Жетісу өңірінде дәстүрге айналған.
Сайын Жексенбаев, қала тұрғыны:
Мейрам болған соң елімізде, жерімізде аталарымыз осындай Жеңіс алып беріп, сол қызықтап келіп тұрмыз міне. Халық деген көп. Бұл өте орынды, өте жақсы.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Депутат: Трайбализмді тоқтату керек
25.11.2026, 14:13
Үш держава арасында ғарыш үшін бәсеке күшейіп келеді
25.11.2026, 14:07
Кәсіпкерлердің 71 млрд теңгесі қорғалды
25.11.2026, 14:05
«Жібек жолы» кеден бекеті қайта ашылды
25.11.2026, 14:03
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының топ-менеджері ұсталды
25.11.2026, 14:02
«Халықтық құрылыс»: 67 адам енген комиссия құрамы бекітілді
25.11.2026, 14:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13