Көкшетауда 60 отбасы баспаналы болды
Көкшетау қаласында талай жылдан бері үй кезегінде тұрған 60 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтерге қоныстанғандардың қатарында көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен Ауған соғысының ардагерлері бар. Бүгінде облыс орталығында кезекте тұрған тұрғындар үшін 8 тұрғын үй салынып жатыр. Соның екеуі ел игілігіне берілген. Ал қалған 6 баспананың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, - дейді жергілікті билік. Осының арқасында биыл 400-ге жуық азаматқа пәтер кілті табысталмақ. Жалпы қазіргі уақытта Ақмола облысында 20 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Оның 8 мыңы - Көкшетау қаласының тұрғындары.
Өлмес Молдағалиева, қала тұрғыны:
Пәтер кезегінде 20 жылға жуық уақыт тұрдым. Өзім бір бөлмелі үйге өтініш бергенмін. Сол пәтер, міне, бүгін тиіп, бұйырып отыр. Өте ризамын.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07